Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай бөбекжайымызда балалармен түрлі мазмұнды және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Әр топта тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай ұлттық ойындар ойнатылып, тақырыптық көріністер мен тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізілді.

Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы болғандықтан, балаларға ұлттық дәстүрлерді дәріптеу мақсатында арнайы «Наурыз мерекесі» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында ата-аналар жылы жүзбен ,осы мерекеге ,бөбекжай ұжымына шығармашылық тілеп,жылы тілектер айтылды.

Сонымен қатар, «Қош келдің, Наурыз!» атты көрме ұйымдастырылып, оған ата-аналар мен балалар белсенді түрде қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрме ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен түрлі қызықты жұмыстарға толы болды.

Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер ұлттық нақыштағы әсем киімдерімен сахнаға шығып, тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойналып қызықты өтті. Бұл шара балалардың танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырды.

Мерекелік іс-шараға ата-аналар белсене қатысып, балалардың өнерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күйде болды. Жалпы, Наурыз мерекесіне арналған бұл ертеңгілік өте қызықты, мазмұнды әрі әсерлі өтті.