Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс

Үлкендер — біздің даналығымыз, өткеніміз бен өмірлік өнегеміз

«Үлкендер - біздің даналығымыз, өткеніміз бен өмірлік өнегеміз»

Бүгін біздің балабақшамызда ерекше жылы да әсерлі күн - «Ең қымбат қонақтар күні» өтті.

Осы айтулы күні балабақшамызда еңбек еткен ардақты бұрынғы қызметкерлеріміз - педагогтар мен техникалық қызметкерлерді үлкен қуанышпен қарсы алдық. Қонақтарымыздың қатарында Каленская В. И.,Жумагулова К. С., Каликайдаров К. И., Махамбетова Б. К., Магзумова А. Е. болды.

Құрметті қонақтарымызға арнап педагогтер мен ересек топ тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, өлеңдерін тарту етті. Мерекелік бағдарламадан кейін дастархан басында шүйіркелесіп, өткенді еске алып, бүгінгі өмірлерімен бөлістік. Өз кезегімізде балабақшамыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы әңгімеледік.

Олардың жылы лебіздері мен ақ тілектері біз үшін өте қымбат. Ал естелік ретінде ұжымымыздың атынан шағын сыйлықтарымызды табыстадық.

Бұл кездесу бізге тағы бір мәрте еңбек еткен аға буынның орны ерекше екенін сезіндірді. Сіздердің еңбектеріңіз бен ізгі істеріңіз әрдайым жүрегімізде.

Ардақты аға буынға зор денсаулық, отбасыларына амандық, көңілдеріне шаттық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Сіздер бізге даналық пен жылулық сыйласаңыздар, біз сіздерге өз құрметіміз бен жүрек жылуымызды сыйлаймыз!