Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс

Республика күні — Отанға деген мақтаныш сезімінің мерекесі!

Республика күні - Отанға деген мақтаныш сезімінің мерекесі!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі - Республика күні қарсаңында «Дюймовочка» бөбекжайында балаларға ерекше қуаныш пен жарқын көңіл күй сыйлаған тамаша мерекелік іс-шара өтті.

Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Ересек топтардың тәрбиеленушілері Отан туралы жүрекжарды тақпақтарын оқып, Қазақстан туралы танымдық бейнематериал тамашалады және мерекелік викторинада өз білімдерін көрсетті.

Мерекенің сәнін «Батырлар биі» келтіріп, ұлттық ойындар - «Арқан тартыс», «Орныңды тап», «Бәйге» балалардың ептілігі мен шапшаңдығын, батылдығы мен ұйымшылдығын танытты. Ал «Жаса, Қазақстан!» атты жарқын флешмоб мерекеге ерекше шаттық сыйлап, балалардың туған еліне деген сүйіспеншілігін айқындай түсті.

Патриоттық тәрбие - туған жерге деген сүйіспеншіліктен, елін құрметтеуден және ұлттық құндылықтарды бағалаудан басталады. Осындай іс-шаралар арқылы балалардың бойында отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жауапкершілік қасиеттері қалыптасып, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерге деген құрметі арта түседі.

Еліміздің болашағы - бүлдіршіндеріміз бейбіт елде өсіп, білімді, адал, әділ әрі Отанын сүйетін азаматтар болып қалыптассын!

Жаса, жайна, Қазақстан! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін! 🇰🇿