«Дюймовочка» бөбекжайы мектепке дейінгі білім беру саласында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
- мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
- педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау.
Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін қабылданады және нәтижелері беріледі. Түскі үзіліс — 13:00-ден 14:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері қабылдау жүргізілмейді. Қызмет берушінің жұмыс кестесі — 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Өтінімді онлайн тәулік бойы, техникалық үзілістерді қоспағанда, беруге болады. Жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндері түскен өтінімдер келесі жұмыс күні қаралады. Тұрғылықты жеріңізге қарай өңірлік порталдардың бірін таңдаңыз: balabaqsha.snation.kz немесе indigo24.kz.
Телефондар және анықтамалық ақпарат
Мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 (тәулік бойы) және 8 800 080 7777.
«Дюймовочка» бөбекжайының телефоны: 8 715-35 21-2-41.
Қызметтер туралы толық ақпарат: балаларды қабылдау және құжаттарды тапсыру және педагогтерді аттестаттауға арналған құжаттарды қабылдау.





