Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс
Тіл білгірі

Тіл білгірі

Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Дюймовочка” бөбекжайының тәрбиешілері арасында «Тіл білгірі” атты қызықты танымдық ойын өткізілді. Тіл – әр халықтың рухани қазынасы, мәдениеті мен салт-дәстүрін танытатын баға жетпес құндылық. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің тілге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілге құрметін қалыптастыру.

Іс- шара барысында қатысушылар «Сиқырлы микрофон», «Қазақшаңыз қалай?» ойындарына белсене қатысып, қазақ тіліндегі білімдерін сынады. Ойын көңілді әрі тартымды өтіп, тәрбиешілер өзара тілдік білімдерін толықтырып, көтеріңкі көңіл - күймен қатысты.