Полиция қызметкерімен бірге қауіпсіз!
Кеше «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында ересек топ тәрбиеленушілеріне арналған маңызды профилактикалық іс-шара өтті.
Біздің басты мақсатымыз – балаларға мектепке дейінгі жастан бастап полиция қызметкерлерінің адамдарға көмектесетінін, оларды қорғайтынын және қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін түсіндіру.
Кездесуге Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасы мен полиция бөлімінің өкілдері қатысты: аға прокурор Осипова В.Н., кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспектор Кубитаева М.Д., кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар Джунусова А.К., Оразаева С.М., сондай-ақ білім бөлімінің маманы Исентемирова М.Н.
Балаларға түсінікті әрі қолжетімді түрде жеке қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме жүргізіліп, қызметтік жабдықтардың үлгілері көрсетілді және интерактивті қарым-қатынас ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер қонақтарды қызығушылықпен тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойып, әңгімеге қуана қатысты.
Іс-шараға 21 тәрбиеленуші қатысты. Кездесу соңында барлық балаларға естелік сыйлық ретінде боямақтар табысталып, педагогтерге ақпараттық буклеттер берілді.
Осындай кездесулер балалардың құқық қорғау органдарына деген сенімін қалыптастырып, заңға құрметпен қарауға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің негіздерін меңгеруге ықпал етеді деп сенемін.
Біздің бөбекжай-бақшамызда осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады!





