Наурыз — көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. 20 наурыз 2024 жылы «Дюймовочка» бөбекжайының ересек топтары арасында Ұлыстың ұлы күні Наурызға арнап «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгілікті «Күншуақ» тобының қыздары «Сылдырмақ» биімен ашып, мерекеге өздерінің жыр-шумақтарын арнады. Қонаққа Алдар көсе келіп, балалармен қазақтың ұлттық «Теңге алу», «Тақия тастамақ» ойындарын ойнап, «Қара жорға» биін билеп, айтыс өнерімен де барша қауымды таң қалдырды.
Сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрі «Тұсау кесу» рәсімін көрсетті. Мереке балалар мен ата-аналарға жақсы көңіл-күй сыйлады.





