Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс

№1 Новоишим орта мектебіндегі ашық есік күні

«Дюймовочка» бөбекжайы мен Новоишим орта мектебі арасындағы сабақтастық жоспары аясында 24 қыркүйек күні «Малинка» және «Капелька» ересек топтарының тәрбиеленушілері №1 Новоишим орта мектебінде өткен «Ашық есік» күніне қатысты.

Балаларды мектеп ұжымы, мектеп директоры А.Қ. Нұрмағанбетованың жетекшілігімен жылы қарсы алды.

Экскурсия бастауыш сынып кабинеттерін аралаудан басталды. Мұғалімдер балаларға өз жұмыстары мен мектептегі оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Одан кейін бүлдіршіндер мектеп кітапханасымен танысып, мектеп кітаптары мен оқу құралдары туралы мағлұмат алды.

Мектептің акт залында тәрбиеленушілерге арналған «Ертегіні тап» атты викторина ұйымдастырылды. Балалар өз білімдерін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Бұдан кейін музыкалық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсеткен мерекелік бағдарлама өтті. Бұл балаларға ерекше қуаныш сыйлады.

Экскурсия соңында мектеп директоры А.Қ. Нұрмағанбетова тәрбиеленушілермен әңгімелесіп, оларға сұрақтар қойды. Балалардың экскурсиядан алған әсерлерін және оларға не көбірек ұнағанын білуге қызығушылық танытты. Сонымен қатар директор келесі жылы бүлдіршіндердің осы мектептің оқушылары атанатынын атап өтіп, мектеп оларды қуана қарсы алатынын жеткізді.

Балалар экскурсиядан керемет әсер алып, өздерінің алғашқы мектеп күнін асыға күтуде!