Тіліңізді таңдаңыз

КММ «Дюймовочка» бөбекжайы
Ресми интернет-ресурс

«Күзгі жарыс» күзгі кросы

24 қыркүйек күні «Дюймовочка» бөбекжайының дәстүріне айналған «Күзгі жарыс» атты күзгі кросс өткізілді.

Жеңіл атлетикалық жарысқа ортаңғы және ересек топтардың тәрбиеленушілері, сондай-ақ ата-аналар мен балабақша педагогтері қатысты. Әрбір қатысушы өзінің жылдамдығы мен жақсы дене дайындығын көрсетті.

Міндетті түрде өткізілген бой жазу жаттығулары қатысушыларды негізгі сайысқа – жүгіру жарысына дайындады. Жарыс барысында салауатты бәсекелестік пен шынайы қуанышқа толы ерекше атмосфера қалыптасты. Балалар көптеген жағымды әсер алып, күш-қуат жинап, үлкен жеңістерге бастар алғашқы қадамдарын жасады. Жүгіру жарысының жеңімпаздары құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортқа деген сүйіспеншілігін арттыруға маңызды үлес қосады.