КМҚК «Дюймовочка» б/ж 2025 жылдың 3-7 қарашасы аралығында«Құммен ойнаймыз – қиялға саяхат жасаймыз!» атты апталық өтті.
Бұл апталықтың мақсаты: Балалардың эмоциялық көңіл-күйін, қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ моториканы жетілдіру және топта достық қарым-қатынасты нығайту.
Кіші топтарда балалар құммен танысып «Құм қандай?» сенсорлық ойындарын ойнап, қолмен сипалау, үрлеу, ұсақ ойыншықтарды іздеу арқылы құмның қасиетімен танысты.
Ал ортаңғы топ балалары «Құмдағы оюлар әлемі» тақырыбында оюларды құммен оюларды өрнектеп, қиял, сөйлеу белсенділігі және шығармашылық ойлау қабілеті дамыды. Ересек тобында «Достық қалашығы»тақырыбында бірігіп құмнан «Қалашық» құрастыру (үйлер, ағаштар, жолдар) салып қомандалық жұмыс жасады.
Қорытынды күні «Құм мен қиял кереметтері» тақырыбында бүлдіршіндер алған әсерлерін бекітіп, өз жетістіктерін көрсетті. Бұл апталық жоспарланған деңгейде өтті. Барлық жас топтары құм терапиясы элементтерімен танысуды жалғастырып, шығармашылық және эмоционалдық белсенділіктерін көрсетті. Балалар өз сезімдерін еркін білдіріп, топ ішіндегі өзара қатынас жақсарды. Құм терапиясы апталығы балалардың жан дүниесін тануға, эмоционалды тепе-теңдігін сақтауға және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік берді.





