Жазғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшамызда 3–4 жастағы бүлдіршіндер арасында «Балалардың көзімен мамандықтар әлемі» атты қызықты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты - балаларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік беру, үлкендердің еңбегіне қызығушылық пен құрмет қалыптастыру, сондай-ақ балалардың қиялы мен шығармашылығын дамыту. Сонымен қатар ата-аналарды балаларымен бірге шығармашылық жұмыс жасауға тарту.
Балалар дәрігер, заңгер, тракторшы, омарташы және басқа да көптеген мамандықтарды өз қиялдарымен таныстырды. Әр бала өзі таңдаған мамандықты ерекше түрде бейнелеп, болашақ туралы алғашқы арманын көрсете білді.
Бізді әсіресе ата-аналардың байқауға белсенді қатысқаны қуантты. Балалар мен ата- аналардың бірлескен еңбегі нәтижесінде ерекше, жарқын әрі қызықты жұмыстар дүниеге келді. ❤️
Осындай іс- шаралар балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, өз арманы туралы ойлануға және болашаққа қадам жасауға мүмкіндік береді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Бас жүлде: Әдель Алдияр
І орын: Аманай Имран
ІІ орын: Зосько Никита
ІІ орын: Кулида Александр
Қатысқаны үшін: Матвеев Давид
Барлық қатысушыларға белсенділігі, қиялы мен шығармашылығы үшін алғыс айтамыз!
Жеңімпаздарымыз бен барлық бүлдіршіндерімізге шығармашылық табыс, жаңа идеялар және ең асыл армандарының орындалуын тілейміз!
Балалардың еңбегі арнайы грамоталармен, жасанды интеллект көмегімен жасалған жеке боямақтармен және шағын сыйлықтармен марапатталды.
Балалардың әрбір арманы / болашаққа бастар алғашқы қадам!





