Күздің шуақты күні КМҚК «Дюймовочка» бөбекжайында «Аналар мектебі» жобасы аясында кездесу өтті. Іс-шара ата-аналардың тәрбиелік құзыреттілігін арттыруға, отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды. Кездесуге қатысқан аналар жылы, достық атмосферада өзара пікір алмасып, шығармашылық шеберлік сағатына қатысты. Шеберлік сағаты барысында әр ана өз баласына арналған тұмар жасады. Бұл тұмарлар ананың махаббаты мен қамқорлығын білдіретін ерекше сыйлыққа айналды. Аналар бір-бірімен отбасылық дәстүрлерімен бөлісіп, жағымды эмоциялармен қуана бөлісті. Мұндай кездесулер балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, бала мен ана арасындағы рухани жақындастықты арттырады.





