Біздің «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасында «Махаббатпен тігілген көрпе» тақырыбында «Аналар мектебі» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – аналарды ұлттық құндылықтармен таныстыру, көрпе тігу дәстүрінің тәрбиелік мәнін көрсету, сондай-ақ отбасындағы жылы қарым-қатынасты нығайту.
Кездесу барысында аналарға көрпенің түрлері мен олардың символдық мәні таныстырылды. Аналар өз қолдарымен көрпенің шағын бір бөлігін жасап, өзара тәжірибе алмасты. Музыка залында жылы әрі достық атмосфера орнап, аналар белсенді араласып, ортақ шығармашылықтан шабыт алды.
Осындай іс-шаралар отбасылық және ұлттық құндылықтарды сақтауға, ата-аналарды біріктіруге, балаларымыздың өмірінде сүйіспеншілік пен үйлесімділікті арттыруға ықпал етеді.





