Абай — дара, Абай — дана

КМҚК «Дюймовочка» бөбекжайында қазақтың ғұлама ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай бір апта бойы іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Осыған орай әр топтарда бірнеше қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Малинка» мектепалды тобында «Абай — дара, Абай — дана» тақырыбында викторина өткізілді. Балалар Абайдың өмірі, отбасы, шығармашылығы туралы көптеген мағлұмат алды.

«Көбелек» ересектер тобында «Жайлау» оқиғалы-ролді ойын өткізіліп балалар «Асық ату» «Тақия тастамақ» ойындарын қызыға ойнады.

«Күншуақ» ортаңғы тобында «Абай атамыз» атты бүлдіршіндермен әңгіме-кеңес өткізілді. Ал кішкентай топтарда тәрбиешілер мен дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге «Теңге алу», «Бәйге», «Арқан тарту» т.б да ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Осы аптаның қорытындысы ретінде бөбекжай педагогикалық ұжымымен «Абай — дана, Абай — дара қазақта!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ойын барысында тәрбиешілер ойшыл ақынның өлеңдерін қазақ, орыс тілдерінде нақышына келтіре оқып «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» сынды бірқатар әндерін​ орындады.

Сондай–ақ «Алтын бесік» ЭМБ қатынасуымен «Абай — біздің ұлттық ұранымыз!» атты музыкалық–театралындырылған қойылым көрсетілді.

Иә, Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді, міне осындай іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің ұлтжандылық сезімін ояту, елін, жерін, туған тілін сүюге тәрбиелеу ол біздің мақсатымыз болып келеді.

27.11.2020
Қаралым саны: 303
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет