8 наурыз

Өте керемет мереке бар, ол бізге көктемде келеді. Ересектер мен балалар бұл мерекені шын жүректен жақсы көреді. Себебі біздің аналарымыз ханшайымға айналады.

КМҚК «Дюймовочка» бөбекжайының барлық топтарында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар өтті. Мерекеге көптеген қонақтар: әжелер, аналар, әкелер, балабақша қызметкерлері қатысты. Ертеңгіліктер салтанатты, өте қызықты, жарқын музыкалық қойылым түрінде өтті. Балалар өздерінің шығармашылық өнерімен қуантты: актерлік шеберлікпен, музыкалық-ырғақтық композицияларды орындаумен, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тақпақтар айтып, әндер орындады. Әжелер, аналар мен әкелердің қатысуымен өткен байқаулар есте қаларлықтай әсер қалдырды. Мерекеден кейін балалар аналар мен әжелерге өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Мереке өте қызықты, жарқын, болды!

07.03.2022
Қаралым саны: 208
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет