Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең үздік тәжірибе
Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесу проблемасы әрқашан өзекті және қиын болды. Ата -аналардың балаларының өміріне қатысуы оларға көп нәрсені көруге көмектесетіндіктен өзекті, бірақ қиын, өйткені барлық ата- аналар әр түрлі, олар балалар сияқты ерекше көзқарасты қажет етеді.
Біздің «Дюймовочка» бөбекжайының ең басты мақсаты- бала тәрбиесінде ата -аналармен жүйелі,мақсатты жұмысжүрізу, тәрбиелік функцияларды толықтыру және толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Педагогтар ата- аналармен жұмысжүрізуде мынадай әдістермен тәсілдерді жүзеге асырады: Жеке және ұжымдық, топтық жұмыстар, олар ата- аналардың педагоикалық мәдениетін арттыруға, балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуін нығайтуға, оның әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Жеке түрі.
Тәрбиеленушілердің үйіне бару.
Жеке әңімеге шақыру.
Педагогтың жеке кеңестері
Өзара хат алмасу
Ата - аналармен жұмыс түрі әрдайым өзгеріп отырады. Ата - аналар жиналысының жаңа, белсенді формалары ата - аналарға өз баласын оқыту, дамыту және білу процесіне қатысуға мүмкіндік беруі жиі қолданылады. Біздің «Дюймовочка» бөбекжайының ата - аналар жиналысы жаңа түрде жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы өткізіледі.
- Тренинг
- Семинар
- Ата-аналар конференциясы
- Ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған қарым - қатынастың дәстүрлі емес түрі
Сол сияқты біздің бөбекжайға бармайтын балалардың ата - аналары үшін кеңес беру пункті құрылған.Ұйымдастырылған іс әрекет әдетте ата- аналарды балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Біздің педагогтар ата -аналарды бірлескен ата –ана-балалар іс - шараларына шақырады. Ата - ананың қатысуынсыз тәрбие процесі мүмкін емес . Біздің бөбекжайдың негізгі міндеті ата -аналар қауымдастығы тәрбие жұмысының тікелей қатысушысы болатындай форматта ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру.
Мақаланы құрған күні 18.10.2022 15:47
Мақаланы жаңартқан күні 02.11.2022 10:22