Қазіргі таңда болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. КМҚК «Дюймовочка» бөбекжайында «Тіл – достықтың кепілі» атты тілдер апталығына жоспар құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Осы апталыққа бөбекжай ұжымы мен тәрбиеленушілері өте белсене қатынасты.
Тілдер апталығы «Достық аллеясы» атты құттықтау өлеңдерімен ашылды
Мектепалды даярлық тобы және ересек топтарының тәрбиешілері Ж.Жабаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты әдеби- мемориалдық музей -үйіне қашықтықтан көрсетілім ұйымдастырса, ал ерте жас, кіші топтарда «Кел, ойнайық, балақай» атты қимылды ойындар өткізілді.
Топ тәрбиешілері көрнекті ақын-жазушылар Ж.Жабаевтың 175 жылдығына, Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына, Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына, А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына арнап балалардың қызығушылығын ояту, танымдық қабілеттерін дамыту, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында түрлі-түсті көрнекіліктермен безендірілген жылжымалы папкалар мен буклет дайындады.
Сонымен қатар ортаңғы, ересектер, мектепалды даярлық топтарында «Мәңгілік ел- мәңгілік тіл» атты тақырыптық сабақтар, дене шынықтыру нұсқаушысының ұйымдастыруымен мектепалды даярлық тобында «Көңілді ойындар» атты ұлттық ойындар жарысы өткізілді.
Бөбекжай тәрбиешілері арасында Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдық мерейтойына орай жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығына байланысты «Тіл – ойдың тікелей шындығы» атты викторина ұйымдастырылды. Осы іс-шара барысында тәрбиешілер Ғабит Мүсіреповтың өмірі, шығармашылығы туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасуда сайысқа түсті.
Жыл сайын дәстүрге айналған ҚР Тілдер мерекесін атап өту биылғы оқу жылында да біздің бөбекжайда өз деңгейінде өтті.
Осы апталықта өткізілген іс-шаралар балалардың қызығушылығы мен өз ара достық сезімдерін арттыра білді деп есептейміз. Жан - жақты біліммен, тәрбиемен қаруланған, саналы ,тәрбиелі қазақ тілін құрметтейтін болашақ ұрпақ , елінің ертеңін ойлайтын айбынды азаматтарымызды тәрбиелеу біздің басты парызымыз!
Қаралым саны: 203