Күз — әдемі уақыт!

Күз-әдемі уақыт! Балалар жылдың осы уақытын жақсы көреді. Қазанның 18-нен 22-сі аралығында «Дюймовочка» бөбекжайында жылдың тамаша уақыты -күзге арналған мерекелер өтті. «Балапан» ерте жас тобымен «Жұлдыз» кіші тобына тиін мен көңілді қоян қонаққа келді. Балалар қонақтарға тақпақ, әндерін айтып, билерімен қуантты. Ал, «Капелька» ортаңғы тобының балаларына Күз ханшайымы сиқырлы сандық дайындады. Егерде ән айтсақ сиқырлы сандықтың ашылатынын айтты. Кішкентай бүлдіршіндер «Жаңбыр», «Күз келді» әндерін тамаша орындап, жұмбақтар шешіп, ойындарға қатысты. «Малинка» мектепалды даярлық тобы, «Күншуақ», «Көбелек» ересек топтарының ертеңгілігі балаларға бір минутқа демалуға мүмкіндік бермеді. Балаларға Базилио мысық пен Элис түлкі және т.б. ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, бүлдіршіндерді көңілін көтерді. Балалар қызығушылықпен жұмбақтар шешіп, «Күзгі серуен», «Күз келді», «Түрлі-түсті күз» сияқты әндер орындады. Барлық топтың балалары Күз ханшайымына тақпақтарымен әндерін айтып, билеп, ойындар ойнады. Балалар мерекеге белсене қатысып, қуанышты көңіл-күйде болды. Мереке жарқын да әсем болды.Мереке соңында Жомарт күз кішкентай бүлдіршіндерге дәмді алма сыйлады. Балалар үшін бұл есте қаларлық, жарқын, қызықты мереке болды.

22.10.2021
Қаралым саны: 205
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет