«Қуыршақ терапиясы»

Біздің "Дюймовочка" бақшамызда педагог-психолог К. Т. Мусакулова балалармен жұмыс жасауда қуыршақ терапиясы әдісін қолданады. Қуыршақ терапиясы – шығармашылық арқылы жанды емдеудің бір түрі. Бұл түзету бағытында ойыншық жүргізуші мен клиент арасындағы делдал болып табылады. Бұл балаларға қауіпсіздік сезімін береді. Ол арқылы бала өз эмоцияларын білдіруге мүмкіндік алады. Психолог қуыршақпен жасалған әрекеттерді талдай отырып, баланың жеке мәселелерінің шынайы себептерін ашады. Яғни, қуыршақ терапиясы тек түзетуші емес, психологиялық жұмыстың диагностикалық әдісі болып табылады.

Баланың қуыршақпен жасайтын манипуляцияларын бақылай отырып, психолог нәрестенің отбасылық тәрбиесінің ерекшеліктері, оның адамгершілік деңгейі туралы ақпарат алады.

18.04.2023
Қаралым саны: 89
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет