Республика күні!

Республика күні қарсаңында біздің бөбекжайда «Республика күні!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты- өз халқының тарихына танымдық қызығушылықты, рәміздерге деген құндылық көзқарасты дамыту, өзінің Отанына деген сүйіспеншілікті арттырып, өз халқына деген мақтаныш сезімін оятуға тәрбиелеу. Бөбекжай тәрбиеленушілері мерекелік безендірілген залға жиналды. Іс-шара Қазақстан Республикасының гимнін тыңдаудан және «Менің Республикам!» тақырыбындағы презентацияны көруден басталды. Одан кейін кішкентай бүлдіршіндеріміздің әндері мен тақпақтары тыңдалып, ұлттық ойындар өткізілді.

21.10.2022
Қаралым саны: 191
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет