Ата-аналармен жұмыс істеудің үздік тәжірибелері

Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең үздік тәжірибе

Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесу проблемасы әрқашан өзекті және қиын болды. Ата -аналардың балаларының өміріне қатысуы оларға көп нәрсені көруге көмектесетіндіктен өзекті, бірақ қиын, өйткені барлық ата- аналар әр түрлі, олар балалар сияқты ерекше көзқарасты қажет етеді.

Біздің «Дюймовочка» бөбекжайының ең басты мақсаты- бала тәрбиесінде ата -аналармен жүйелі,мақсатты жұмысжүрізу, тәрбиелік функцияларды толықтыру және толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Педагогтар ата- аналармен жұмысжүрізуде мынадай әдістермен тәсілдерді жүзеге асырады: Жеке және ұжымдық, топтық жұмыстар, олар ата- аналардың педагоикалық мәдениетін арттыруға, балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуін нығайтуға, оның әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Жеке түрі.

Тәрбиеленушілердің үйіне бару.

Жеке әңімеге шақыру.

Педагогтың жеке кеңестері

Өзара хат алмасу    

Ата - аналармен жұмыс түрі әрдайым өзгеріп отырады. Ата - аналар жиналысының жаңа, белсенді формалары ата - аналарға өз баласын оқыту, дамыту және білу процесіне қатысуға мүмкіндік беруі жиі қолданылады.   Біздің «Дюймовочка» бөбекжайының ата - аналар жиналысы жаңа түрде жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы өткізіледі.

  • Тренинг
  • Семинар
  • Ата-аналар конференциясы
  • Ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған қарым - қатынастың дәстүрлі емес түрі

Сол сияқты біздің бөбекжайға бармайтын балалардың ата - аналары үшін кеңес беру пункті құрылған.Ұйымдастырылған іс әрекет әдетте ата- аналарды балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Біздің педагогтар ата -аналарды бірлескен ата –ана-балалар іс - шараларына шақырады. Ата - ананың қатысуынсыз тәрбие процесі мүмкін емес . Біздің бөбекжайдың негізгі міндеті ата -аналар қауымдастығы тәрбие жұмысының тікелей қатысушысы болатындай форматта ата - аналармен жұмысты ұйымдастыру.

Мақаланы құрған күні 18.10.2022 15:47

Мақаланы жаңартқан күні 02.11.2022 10:22

Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет