Наурыз күні! 

17 наурыз күні біздің бөбекжайымызда Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары құрылып, тәрбиешілерге, маман педагогтарға шығармашылық танытуға мүмкіндік берді. Балабақшада мерекелік іс-шаралар «Сәлемдесу күні» («Көрісу күні»), «Наурыз – жаңа жылдың басы» тақырыптарында тақырыптық әңгімелер, «Наурыз- татулық пен бірліктің мерекесі» квест-ойыны, «Көңілді сайыс сағаты (қазақтың ұлттық ойындары), «Наурыз-көктем» балалар сурет байқауы өткізілді. Кіші топтарда «Біз батылмыз-біз батырмыз» атты қозғалмалы ойындар, ересек топтарда «Наурыз-көктем» ертеңгілігі өткізілді.Балаларға арналған ұйымдастырылған «Наурыз-көктем» мерекелік ертеңгілігінде «Бәйге», «Киіз үй», «Теңге жинау» ұлттық ойындары ойнатылып, тақпақтар айтылып, би биленді. Мереке кезінде балабақшада мейірімділік, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, қазақтың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысып, ойындар ойнады. Мерекелік шараға балалармен қатар ата-аналар да шақырылып, іс-шараға белсене атсалысты. Балаларға театрландырылған қойылым көрсетілді.Іс-шара соңында «Шашу», «Бауырсақ», «Наурыз көже» ұсынылды.

17.03.2023
Қаралым саны: 59
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет