Жаңа жыл

Жаңа жыл балалар үшін ғажайып ертегідей. Барлық армандар мен қиялдардың орындалатын уақыты. Біздің мұғалімдер балалардың бұл көңіл-күйін қолдауға тырысады, сондықтанда жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелердің сценарийі әрқашанда есте қаларлық идеялармен, тосынсыйлармен ерекшеленеді.

2022 жылғы желтоқсанның 22-30 дейінгі аралықта біздің "Дюймовочка" бөбекжайында барлық топтарда санитарлық талаптарды сақтай отыра жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.

Ән-күй залы әдемі безендіріліп, керемет шырша, тамаша жаңа жылдық киімдер, бөбекжай балаларын Аяз ата, Ақша қар және басқа да ертегі кейіпкерлері күтті.

Балалар мереке қарсаңында қойылымға киініп, көңілді күймен келді. Тәрбиешілер, балалар, тәрбиешілердің көмекшілері, жаңа жылдық қойылымға қатысушылар, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Оларға әртүрлі кейіпкерлер: Мыстан кемпір, көңілді Аққала, Ақша қар, кең пейілді Аяз ата болуы керек болды.Қойылымның басында ертегі кейіпкерлері балаларды ғажайып ертегілер әлеміне алып кетті. Аяз атаның келуімен шыршаны айналып әндер айтылып, би билеп,нағыз мереке басталды.Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақша қарға тақпақтарын айтып, кейіпкерлермен фотоға түсіп, сыйлықтарын алды. Ертеңгіліктер балаларға ұнап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеден кейін топтарда балалар көргендерін айтып қызу талқыға түсіп, өздерінің ойларын білдірді. Ал біз үшін Жаңа жылға сыйлық-бұл ата-аналардың алғысы мен балалардың бақытты көздерін көру.

Мерекені ұйымдастырған мұғалімдер мен балаларға тамаша жаңа жылдық киімдер дайындаған ата-аналарға үлкен алғыс!

Бәріміз біріге отырып мерекеге көрік бере алдық. Ал жарқын да жағымды естеліктер балаларымыздың есінде өмір бойы сақталады.

Жаңа жыл құтты болсын!

05.01.2023
Қаралым саны: 99
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет