2023 жылғы мамырдың 29 – нан маусымның 2-сі аралығында «Дюймовочка» бөбекжайында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай іс – шаралар өткізілді

2023 жылғы мамырдың 29 – нан маусымның 2-сі аралығында «Дюймовочка» бөбекжайында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай іс – шаралар өткізілді. Мақсаты:

-Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру.

-Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін кеңейту.

-Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Іс – шара музыка залында ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.

«Капелька» кіші тобында «Мемлекеттік рәміздермен таныстыру» атты тақырыптық ойын – сауық өткізілді.

Жұлдыз» және «Күншуақ» ортаңғы топтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің мәні мен тарихына арналған «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. «Малинка» және «Көбелек» ересек топтарында «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» атты танымдық сағат өткізілді.

Дене шынықтыру жетекшісі М.С.Жақсыбаева ересек топтарының тәрбиеленушілерімен «Арқан тарту», «Асық ату» қазақтың ұлттық ойындарын өткізді.

Сол сияқты «Дюймовочка» бөбекжайының ұжымы «Менің туым – менің мақтанышым!» атты онлайн – челленджге қатысты.

04.06.2023
Қаралым саны: 73
Премьер coronavirusОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет